Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
№11 кітапханада «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» атты әңгіме-диалог №215 мектептің 5 сынып оқушылары, мектеп кітапханашысы Малкенова Гүлжанның қатысуымен болып өтті.
Әңгіме әлеуметтік желіні саналы әрі мәдениетті қолдануға, уақытты тиімді жоспарлауға, интернет қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеуге бағытталған.
Шара барысында әлеуметтік желінің пайдасы ретінде ақпарат алмасу жылдамдығы, білім алу мүмкіндігі, қашықтан байланыс орнату сияқты артықшылығы атап өтілді. Желі арқылы әлем жаңалықтарын біліп, түрлі онлайн курстар мен білім ресурстарына қол жеткізуге болатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желінің зиянды тұстары да талқыланды. Атап айтқанда: уақытты тиімсіз пайдалану, тәуелділікке әкелуі, кибербуллинг, жалған ақпараттың таралуы, жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне тоқталып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. «Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалану керек?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты.







