Алғыс айту – парызым!
№12 кітапхана 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты - оқушылардың жанұяға, ата-анаға, ұстазға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынас дамыту.
Алғыс айту күні – бізді қолдайтын адамдарға ризашылығымызды білдіретін, өзара көмек, достық пен халықтар бірлігін құрметтейтін мереке. Бұл күн игі істер мен адамдар арасындағы жылы қарым-қатынастың маңыздылығын еске салады.
Алғыс айту әр шаңыраққа қуаныш, жүректерге жылулық, айналаға мейірім сыйласын!







