Қазаққа қорған болған хан Абылай
№1 кітапхана үш жүздің басын қосқан кемеңгер хан, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында шешуші рөл атқарған ұлы қайраткер Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына орай «Қазаққа қорған болған хан Абылай» атты тарихи танымдық шара өткізді.
Мақсаты - жас ұрпаққа тарихи тұлғаның мемлекет тарихындағы айрықша рөлін көрсету. Сондай-ақ, оның ел бірлігін сақтаудағы көреген саясаты мен жаугершілік замандағы ерлігін кеңінен насихаттау. Таным көкжиектерін кеңейту.
Шара барысында қазақтың даңқын асырған, тапқырлығымен, даналығымен бүкіл елді ақ тудың астына жинаған, аты аңызға айналған алып тұлға жайлы бейнебаян көрсетіліп, оның өмірбаяны таныстырылды. Шара қонақтары «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің» оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Құдайбергенова және кітапханашы А.Нұржанова Абылай ханның билік еткен жылдары қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келгені және күллі қазақ қадір тұтатын, қазақ тарихында өшпес із қалдырған тұлға жайлы құнды деректермен ой бөлісті. Абылай ханның өмірі мен қоғамдық қызметтері жайлы жарық көрген кітаптарға шолу жасалды.







