Алғыс айту парызым
№18 кітапханада 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай «Алғыс айту парызым» атты тәрбие сағаты «Нұрбесік» бала-бақша бүлдіршіндері мен тәрбиеші Аманжолова Салтанат және музыка жетекшісі Көпбергенова Томиристің қатысуымен болып өтті.
Шараның мақсаты - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Шара барысында бүлдіршіндер алғыс туралы тақпақтары мен ән айтып, алғыс сөз жазылған парақшаларды ұсынды.







