Ізгіліктің бір ізі - алғыс айту

  №17 кітапхана Қызылжарма мәдениет Үйімен бірлесіп, 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, «Ізгіліктің бір ізі - алғыс айту» атты қонақ жәй өтті. Шараға «Білім-Кидс» білім орталығының білім алушылары мен «Шабыт» көркем сөз оқу үйірмесінің оқушылары қатысты. 
  Бұл мереке 2016 жылдан бастап Қазақстан халқының бір-біріне құрметі мен ризашылығын білдіретін күн ретінде тойланып  келеді. 
Іс-шараның мақсаты – жастарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, достық пен бірлікке тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 
  Шара барысында қатысушылар мерекенің маңызы туралы мәлімет алды, өлеңдер оқылды, әндер орындалды. Сонымен қатар «Білім-Кидс» білім орталығының мұғалімі Салтанат Конкаева қазақ халқының сан қилы тағдыры туралы, елімізді паналаған өзге ұлт өкілдеріне деген  ұлтымыздың  қамқорлығы, шынайы достық сезімі туралы әңгімелеп берді. «Ауылыма арнаймын - алғысымды» тақырыбында бейне баян көрсетіліп, шараға қатысушылар ата-аналарына, ұстаздарына және достарына алғыс тілектерін білдірді.
 
27 ақпан 2026 ж. 39

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам