ашық аспан астындағы кітапхана
№6 кітапхана қызметкерлері №235 мектеп жанындағы күндізгі демалыс лагері балалары арасында ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырды. Жас бүлдіршіндер қызықты ертегілермен, шетелдік, отандық көркем әдебиеттермен қатар электронды дыбысты, қаламы бар сөйлейтін кітапшалармен танысты. Бүлдіршіндер қызықты ойындарға қатысып, жасырылған жұмбақтарды шешті. Ерекше көңілмен «Қай ертегі?», «Кейіпкерді таны» атты ойынына қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Асфальт үстіне түрлі-түсті суреттер салып, бақытты балалық шақтың әлемін сезіне түскендей болды.







