Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай №6 кітапхананың кітапханашысы Төлеубай Нұргүл жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, арнайы видеоролик дайындады.
Бейнероликтің мақсаты – оқырмандарды мейірімділікке, ризашылық пен сыйластыққа шақыру, қоғамдағы бірлік пен татулықты насихаттау. Жоба заманауи технология мен рухани құндылықтарды ұштастыра отырып, алғыс білдіру мәдениетін дәріптеуге бағытталған.








