Ұлы далаға алғысымды білдіремін
№7 кітапхана оқырмандары 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ұлы далаға алғысымды білдіремін» атты бейне құттықтау дайындады.
Алғыс айту күні – халқымыздың кеңпейілдігі мен бауырмалдығын, сын сағатта көрсеткен сабырлығы мен жанашырлығын ұлықтайтын тағылымды күн. Көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін бұл мереке – адамдар арасындағы сыйластықты, мейірімділік пен шынайы ризашылықты дәріптейтін ерекше күн.







