Алғыс айту – асыл қасиет
№1 кітапхана 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – асыл қасиет» атты танымдық сағат өткізді.
Мақсаты – жас оқырмандарды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, жақын жандарына деген құрмет сезімін, сыйластығын арттыру. Мерекелік күннің мағынасын түсіндіру.
Шараға «Күнекей» бөбекжай бақшасының «Ертөстік» мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Төкенова Мөлдір және тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында Алғыс айту күні жайлы мәліметтер беріліп, бүлдіршіндер ата-анасына, бауырларына, тәрбиешілеріне және достарына өздерінің алғыстарын өлең жолдары арқылы жеткізіп, көтеріңкі көңіл-күйлерін билерімен жалғастырды. Кітапхана оқырманы Шайзада Елдос қазақтың ұлттық аспабы домбырамен бірнеше көңілді күйлерді орындап, кеш ажарын аша түсті.







