Алғысым шексіз!

  №6 кітапхана 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Алғысым шексіз!» атты таным сағатын өткізді.
  Шара барысында Алғыс айту күнінің шығу тарихы, оның маңызы мен тағылымы жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Жылы әңгіме, жүрекжарды лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, кездесу әрі қарай мерекелік кешке ұласты. Ән шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Қарттар үйінің тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.
  Осындай игі шаралар арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, алғыс айту мәдениетін дәріптеу – басты мақсатымыз.
02 наурыз 2026 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам