Бала тілін тапқан жазушы

  №13 балалар кітапханасы №11 мектеп - лицейімен бірлесіп, балалар поэзиясының көрнекті қайраткері Әдібай Табылдиевтың - 100 жылдығына орай «Бала  тілін  тапқан  жазушы» атты әдеби оқу өткізді. Аталған шараға Ахметова Мейрамкүл Алпамысқызы жетекшілік еткен 4 сынып оқушылары қатысты. 
 Мақсаты - оқырмандарға жазушының өмір жолымен таныстыру, шығармашылығын насихаттау.   
 Шара барысында балалар әдебиетінің өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер Әдібай Табылдиевтың өмірбаяны мен әдеби мұрасына    арналған бейнебаян көрсетілді. Қаламгердің өлеңдері мен әңгімелерінен үзінділер оқып, қатысушылар арасында әдеби викторина мен сұрақ-жауап бөлімі өткізілді. Сонымен қатар «Халқы сыйлаған қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының еңбектері таныстырылды.
  Шара соңында Ахметова Мейрамкүл Алпамысқызы ақын, жазушы Әдібай Табылдиевтың шығармаларын талдап, оның өлең жолдарымен қызықты ертегілерін мән мағынасын түсіндіріп, кітап оқуға баулыды.
 
02 наурыз 2026 ж. 22

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам