Қазақ рухты азамат, дауылпаз ақын

  №13 балалар кітапханасы «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы №3 оқу ғимаратында қазақ поэзиясының жалынды тұлғасы, сыршыл, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың - 115 жылдық мерейтойы аясында «Қазақ рухты азамат, дауылпаз ақын» атты ауызша журнал өткізді. Аталған шараға «Зерде» үйірмесінің оқушылары мен жетекшісі Қапанова Гүлжібек Нәбиқызы қатысты.
  Мақсаты - ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттап, әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.
  Шара барысында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, ақынның жалынды жырларынан үзінділер тыңдалды. «Қыран қанатты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы таныстырылды.
03 наурыз 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам