Қоршаған ортаны кітап беттерінен оқып білеміз
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны кітап беттерінен оқып білеміз» атты экосағат өткізді.
Шараның мақсаты - жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған орта мәселелеріне назар аударту.
Шара барысында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет, жаһандық жылыну, қоршаған ортаны ластау мәселелері туралы ақпарат берілді. Студенттер экология тақырыбындағы кітаптармен танысып, Ақылбекова Бибізада мен Қойшыбаев Тимур өз ойларын ортаға салды. Танымдық сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.







