Күй анасы – Дина Нұрпейісова

  №1 кітапханада қазақ күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» атты өнер сағаты болып өтті. 
  Шараның мақсаты – ұлы күйшінің өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, күй өнерінің тарихы мен тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық аспап – домбыраға деген қызығушылықты арттыру.
  Шараға кітапхана оқырмандары және С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің «Балбырауын» домбыра үйірмесінің өнерпаздары қатысты. 
Шара барысында ұлттың рухани мұрасын ұрпаққа жеткізуші шебер орындаушы әрі композитор болған Д.Нұрпейісованың шығармашылығы таныстырылып, «Балбырауын» домбыра үйірмесінің шәкірттері күйшінің «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Байжұма», «1916 жыл», «Тойбастар» күйлерін орындады. Тақырыпқа сай көрмесі ұйымдастырылып, дәулескер күйшінің рухани асыл қазынасы жайлы жарық көрген әдебиеттерге шолу жасалды.
04 наурыз 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам