Гүлдей нәзік, жырдай көркем әйелдер
№3 кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Гүлдей нәзік, жырдай көркем әйелдер» атты мерекелік кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға әйел-аналардың қоғамдағы орны, олардың еңбегі мен қадір-қасиетін насихаттайтын әдебиеттерді таныстыру.
Ана, әйел тақырыбына арналған «Гүлдей нәзік, жырдай көркем әйелдер», «Ана туралы жыр», «Әйел - бақыт» үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі жасалып, көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар ұсынылды. Кітапхана қызметкері жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқырмандарға онлайн насихат жүргізді.







