Ана – мейірім шапағаты
№12 кітапхана 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана – мейірім шапағаты» атты танымдық сағатын өтті.
Шараның мақсаты – ананың қоғамдағы, отбасыдағы ерекше орнын түсіндіру, ана мейірімінің шексіз екенін ұғындыру және жас ұрпақты ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, анаға деген жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар ана еңбегінің маңыздылығы, оның бала тәрбиесіндегі рөлі туралы әңгіме айтылып, шығармашылық тапсырмалар орындалды.







