Ана деген – бәйтерегі өмірдің

 №13 балалар кітапханасы 8 наурыз  – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген – бәйтерегі өмірдің» атты ертеңгілік ұйымдастырды. 
 Аталған шараға «Нұрлы – бала» бөбекжай бақшасының мектеп алды даярлық «Балдаурен» тобы бүлдіршіндері мен тәрбиешілері Бақтыбаева Мәншүк Мұратбайқызы, Жәниьекова Тұрсын Қалмұратқызы  қатысты.
 Мақсаты – мерекелік көңіл-күй сыйлап, балаларды сыйластыққа тәрбиелеу, анаға деген бала махаббатын ояту, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу.
  Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесінде балалар қыздарды құттықтап, әдемі гүл шоқтарын сыйлады. Бүлдіршіндер «Анашым» әнін хормен айтып, ана тақырыбындағы ақындардың жыр шумақтарын айтып, мың бұралған биші ұл – қыздарымыз өз өнерлерін көрсетті.
06 наурыз 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам