Сыйынар ем Ана деген Тәңірге
№9 кітапхана Ақжарма ауылдық округі №218 орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыйынар ем Ана деген Тәңірге» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Мақсаты – анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу, қазақ ақын-жазушыларының ана туралы шығармаларын насихаттау.
Кеш барысында әйел аналардың мейірімі мен қамқорлығы туралы әңгімелер айтылып, Мұқағали Мақатаевтың «Шеше», Фариза Оңғарсынованың «Ана», Төлеген Айбергеновтың ана туралы өлеңдері және қазақ ақын - жазушыларының ана тақырыбында өлеңдерін жатқа оқыды.







