Ана – гүл, ана – сезім мен нұр
№7 кітапхана Қарауылтөбе ауылдық Мәдениет үйімен бірлесіп, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Ана – гүл, ана – сезім мен нұр» атты әдеби-музыкалық композиция ұйымдастырды.
Мақсаты – ананың махаббаты, қамқорлығы мен өмірдегі ерекше орнын дәріптеу, анаға деген сыйластық пен құрмет пен сүйіспеншілікті көрсету. Ананың мейірімі мен жылулығын өнер арқылы жеткізу.
Шара барысында өлең оқу, ән орындау, музыкалық әуендер мен шағын сахналық көріністер арқылы ананың қадір-қасиеті көркем түрде бейнеленді.







