» » Қасым Аманжолов – қазақтың дауылпаз ақыны

Қасым Аманжолов – қазақтың дауылпаз ақыны

  №1 кітапханада Қ.Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қасым Аманжолов – қазақтың дауылпаз ақыны» атты әдеби портрет кеші болып өтті.
  Мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның парасатты поэзиясын, әдеби мұрасын оқуға деген қызығушылығын арттыру, тағдырлы ақынның шығармалары арқылы оқырмандарды адами  құндылықтарға тәрбиелеу. 
Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары мен оқушылары қатысты. 
  Шара барысында қыран қанатты ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Т.Бахманова оның қазақ әдебиетінде алатын орны мен биік дәрежесі және де өзге ақындарға ұқсамайтын поэзиясының ерекшелігі мен көркем аударма саласындағы жемісті еңбегі жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Жас оқырмандар ақынның  «Балалық шақ туралы», «Атамекен», «Туған жер», «Балбөбек», «Домбыра» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
 
10 наурыз 2026 ж. 34

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам