Ұлы көштің дарабозы
№20 кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романын насихаттау мақсатында «Ұлы көштің дарабозы» атты көрме ұйымдастырды.
Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлттық рухты, тарихи шындықты және қазақ халқының тағдырлы кезеңдерін терең суреттеген қаламгер.
Көрме барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жайында мағлұмат берілді. Қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі мен шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері кеңінен насихатталды.







