» » Қоғам шындығын қаламмен жазған қайраткер

Қоғам шындығын қаламмен жазған қайраткер

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Сыр елінің ардақты азаматы, Еңбек ардагері, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлының 100 жылдығына орай «Қоғам шындығын қаламмен жазған қайраткер» атты әдеби танымдық кеш  ұйымдастырды.
  Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
  Тағылымды кеште  Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ботаев Қазбек, Теміржол ардагерлер төрағасы - Сейсенбі Шермаханов, Теміржол ардагерлер кеңесінің төрағасы - Марат Шайжанов, Журналист, әдебиетші ғалым Нұрлан Көбегенұлы сөз сөйлеп, ғасырға жуық тарихын арқау еткен қасиетті топырағымызда өзіндік қолтаңбасын қалдырған Шайхислам ағамыз туралы естеліктермен бөлісті.
№12 кітапхананың оқырмандары өлең оқып, «Халқына қалаулы қайраткер» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
  Шара соңында Шайхислам Серікбайұлының ұрпақтары - Асылхан Шайхисламұлы сөз сөйлеп тәлімі мен жастарға берген тәрбиесі шыншылдық, еңбекқорлық пен іздемпаздық, талапкершілік пен кешірімділік, отбасына деген адалдық, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген, ардақты әке бола білген жазушы-журналист Шайхислам Серікбайұлының жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатын айта отырып,  кешке қатысқан өнерпаздарға,  колледж ұжымы мен студенттерге кітапханашылар ұжымына ризашылығын білдіріп сый сияпат жасады.
  Кешті И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы қорытындылады.    Облыстық филармонияның әншісі Табынбаев Ақылбек және № 13 балалар кітапханасының кітапханашысы  Қожас Жансая кешті әсем әндермен көркемдеп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
  Кеш тізгінін қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Түменбай Ақжол жүргізді.
   
11 наурыз 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам