Ән тербеткен ақын жүрек
№6 кітапхана ақын, драматург, әнші әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән тербеткен ақын жүрек» атты кітап көрмесі К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп – гимназия 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Көрмеге ақынның өлең жинақтары, драмалық шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері мен мерзімді басылым материалдары қойылды. Сонымен қатар ақын туралы естеліктер, фотосуреттер мен әдеби-танымдық деректер ұсынылды.
Аталған көрме оқырмандарды Бәкір Тәжібаевтың бай мұрасымен таныстырып, оның шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Ақын шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, оқырманға рухани азық бола бермек.







