Кітап оқу сәнді
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқу сәнді» атты әдеби батл ұйымдастырылды.
Қатысушылар «Білімпаздар» және «Қырандар» болып екі топқа бөлінді.
Сайыс барысында қатысушылар әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, мақал- мәтелдерді жалғастырып, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. Әр кезеңде қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Топтар бір – бірімен бәсекеге түсіп, әдебиет әлеміндегі білімдерін дәлелдеуге тырысты. Әдеби батл өте қызықты, әрі тартымды өтті. Студенттер белсенді қатысып, өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді. Шара соңында қатысушыларға сый-сияпат көрсетілді.








