Наурыз думан
№12 кітапхана С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің 5 «В» сынып оқушыларының қатысуымен 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесі аясында «Наурыз думан» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау; оқушыларды ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кеш барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері таныстырылып, әндер шырқалып, күйлер орындалды. Сонымен қатар, көріністер қойылып, өлеңдер оқылып, ойын ұйымдастырылды.








