«Қазақ журналистикасының ұстазы»

  №4 кітапханада Қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, ғалым-публицист Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасының ұстазы» атты әдеби дайджест өтті. Шараға Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.
  Іс-шараның мақсаты – ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін таныту, жас оқырмандар мен жастарды ұлттық баспасөз тарихымен таныстыру.                                                                                         Әдеби дайджест барысында Т.Қожакеевтің өмір жолы, ғылыми еңбектері, журналистика саласындағы қызметі туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар ғалымның публицистикалық еңбектерінен үзінділер оқылып, оның шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен ұлттық журналистика мектебін қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды.
  Көрмеге ғалымның кітаптары, зерттеу еңбектері мен ол туралы жазылған мақалалар қойылып  таныстырылды.
16 наурыз 2026 ж. 20

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам