«Көрісу күні – амал бастауы»

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада кітапхана қызметкерлері мен оқырмандардың қатысуымен «Көрісу күні – амал бастауы» атты мерекелік шара болып өтті.
   Шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, көрісу күнінің мәні мен маңызын түсіндіру, жастарды үлкенге құрмет, кішіге ізет  көрсетуге тәрбиелеу. 
   Шара барысында оқырмандарға көрісу күнінің шығу тарихы мен қазақ халқы үшін маңызы туралы мәліметтер берілді. Студенттер бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, ұлттық дәстүрдің мәнін тереңірек түсінді. Сонымен қатар салт-дәстүрлерге арналған әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұнына қысқаша шолу жасалды. Қатысушылар ұлттық дәстүрлер туралы ой бөлісіп, көрісу күнінің адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке екенін түсінді. Мұндай тағылымды шаралар жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салт-дәстүрді насихаттауға үлкен ықпал етеді.   
16 наурыз 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам