«Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктер»
№16 кітапхана жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктер» атты оқырмандарға онлайн насихат жүргізді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс» екенін атап көрсетті. Биыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жарияланды. Бұл шешім елдің цифрлық дамуына серпін беріп қана қоймай, жасанды интеллектіні мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруды көздейді.
Бейнероликтің мақсаты – оқырмандарға жасанды интеллект деген не, ол қалай жұмыс істейді, оның маңызы мен артықшылықтары туралы ақпарат беру.







