Құндылықтар әлемі – кітап
№5 кітапхана «Құндылықтар әлемі – кітап» атты кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге хабарлама сағатын өткізді.
Көрменің мақсаты – жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, олардың білімге, рухани байлыққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрмеге қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушыларының шығармалары, танымдық кітаптар, балалар әдебиеті және тәрбиелік мәні бар кітаптар қойылды.
Көрме барысында оқырмандар кітаптардың мазмұнымен танысып, өздеріне қажетті және қызықты кітаптарды таңдап оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар кітапханашы оқушыларға кітапты күтіп ұстау, оны дұрыс пайдалану туралы мағлұмат берді.







