Қазақстан жастары – Нұрлы жолмен
№1 кітапхананың ұйымдастыруымен әр топтағы оқырмандар арасында “Қазақстан жастары – Нұрлы жолмен» тақырыбында пікір – талас өткізілді. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Шарада осы проблеманы жою үшін қабылданған «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламалары жөнінде жастар пікірлерін еркін өрбітіп, белсене атсалысты. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар туралы студенттер Б.Оспанов, Р.Есенәлі айтып, мемлекетіміздің қамқорлығын кеңінен әңгімеледі. «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, еліміздің стратегеиялық даму бағдарламалары таныстырылды.







