Наурызым – нұрлы ырысым
№1 кітапхана С.Майқанова атындағы мәдениет Үйімен бірлесіп Наурыз мейрамының онкүндігі аясында «16 наурыз – халықтың мәдени мұрасын, өнерін және салт-дәстүрлерін насихаттайтын күніне» орай «Наурызым – нұрлы ырысым» атты этнографиялық шара өткізді.
Мақсаты – Наурыз мейрамын дәріптеу, оқырмандарға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Шара барысында Наурыз мейрамының тарихы және ұлыстың ұлы күні жасалатын салт-дәстүрлер жайлы мәлімет айтылып, қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі «Беташардың» жөн-жоралғыларынан көрініс көрсетілді. Сонымен қатар арнайы жасақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер насихатталды.







