Менің отбасымның Наурызы
Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауыл кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Менің отбасымның Наурызы» атты көрсетілім өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық отбасылық құндылықты дәріптеу, жастарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Шара барысында кітапхана оқырмандары Малдыбаев Медетбай ата мен Ахметова Шынаргүл әжеміз немерелері Мағжан мен Мейірімді ертіп келіп қазақ халқының көне, әрі ең қастерлі Наурыз мерекесі жайлы және осы айтулы «Шаңырақ күнінің» шығу тарихы, «Шаңырақ» сөзінің мағынасы жайлы әңгімелеп берді. Медетбай атаның айтуы бойынша, қазақ мәдениетінде шаңырақ – отбасының символы, әулеттің жалғасы, бірлік пен берекенің белгісі. Сондықтан қазақ халқында «Шаңырағың биік болсын», «Шаңырағың шайқалмасын» деген баталы сөздер жиі айтылатынын жастарымызға өнегелі әңгімесін айтып, қазақ халқының отбасы құндылықтарын, бірлік пен ұрпақ сабақтастығын жалғастыратын жастар екенін айтып, өнегелі әңгімесін жалғастырды. Осы қасиетті күні – «Әр шаңыраққа қуаныш, бақыт пен береке орнасын, бұл күн отбасылық салт-дәстүр мен кіршіксіз махаббат күніне айналсын деп батасын берді.








