Бейтаныс әйелдің құпиясы
№17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында Қызылжарма мәдениет Үйінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, прозашы, публицист Бексұлтан Нұржекеұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімесі бойынша кітап талдауы өтті.
Шара барысында оқырмандарға жазушының өмір жолы, шығармашылығы, еңбек жолы туралы ақпарат берілді. Бексұлтан Нұржекеұлы әр жылдары жарық көрген «Орбұлақ өнегесі», «Әй, дүние-ай», «Қазақ тарихынан», «Жау жағадан алғанда», «Бейтаныс әйелдің құпиясы», т.б. көптеген әңгіме, повесть, романдардың авторы.
«Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімесін талдау барысында кітапхана оқырмандары, шығармадағы өмір жолында көп қиындық көрген бір әйелдің тағдыры туралы және оның өмірінде өкініш те, қайғы да болғанымен, ол сабыр сақтап, бәріне төтеп бергені жайлы өз ойларымен бөлісті. Әңгіме әрбір оқырманға үлкен ой салып, жүрегіне әсер ететін туынды. Шығарма оқырманды адам тағдырына бейжай қарамауға, мейірімді болуға шақырады.







