«Ұлттық киім - ұлт айнасы»
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай №3, №16 қалалық кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық киім - ұлт айнасы» атты бейнеролик дайындалды.
Ұлттық киім күні – әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күн. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететіні де белгілі. Бұл күні адамдар өз ұлтының ұлттық киімдерін киіп, оның тарихы мен мән-мағынасын, ұлттық бірегейлікті танытатын және мәдениетті дәріптейтін маңызды мереке.








