Ұлы тұлға-ұлы көшбасшы
№6 кітапхананада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ел басқару қызметінің 30 жылдығына орай «Ұлы тұлға-ұлы көшбасшы» атты таным сағаты өткізілді. Оқырмандарға еліміздің өркендеуі, Тәуелсіздігіміздің баянды болу жолында еңбек еткен тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі айтылып, бейне роликтер көрсетілді. Елбасының стратегиялық жоспарлары мен жолдаулары басылған кітаптарға, жеке еңбектеріне шолу жасалып, фотоальбомдар бойынша әр кезеңдегі суреттері таныстырылды.








