» » «Наурыз – пейіл, береке, Наурыз – мейір, мереке»

«Наурыз – пейіл, береке, Наурыз – мейір, мереке»

Наурыз мерекесі қарсаңында №2 балалар кітапханасы Абылайхан атындағы №140 орта мектептің кітапханасымен бірлесіп «Наурыз – пейіл, береке, Наурыз – мейір, мереке» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шараға 4 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нақыпова Айгерім қатысты.
Іс-шара барысында Наурыз мерекесінің шығу тарихы, сондай-ақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Оқушылар Наурызға арналған өлеңдер оқып, домбырамен күй орындап, ән шырқап, хор айтты. Сонымен қатар, балалардың сүйікті ұлттық ойыны – асық ойыны ойналып, мерекелік шараның көркін қыздыра түсті.
19 наурыз 2026 ж. 60

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам