«Қазақтың ұлттық ойындары»
№18 кітапхана 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Қазақтың ұлттық ойындары» аты сайыс сағаты №197 мектеп 3 «А» сынып оқушылары мен мұғалімі К.Ысқақованың қатысуымен өтті.
Шара мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесі туралы түсінік бере отырып, қазақтың ұлттық ойындары мен таныстырып, ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету, балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге, салт-дәстүрімізге сай ептілік, ержүректілік қасиеттерін қалыптастыру
Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ т.б. ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.







