«Наурыз – жаңару күні»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – жаңару күні» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – ұлттық құндылықты дәріптеу, Наурыз мейрамының тарихи-мәдени маңызын кеңінен насихаттау және оқырмандардың рухани дүниесін байыту. Көрмеде қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, көктемгі жаңару мен табиғаттың түлеген кезеңін сипаттайтын кітаптар мен танымдық материалдар ұсынылды.
Сонымен қатар көрме мазмұны заманауи технологияларды қолдана отырып, жасанды интеллект көмегімен әзірленіп, ерекше форматта таныстырылды. Бұл оқырмандардың қызығушылығын арттырып, көрменің мазмұнын жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік берді.
Шара барысында келушілер Наурыз мерекесінің мән-мағынасы туралы тың ақпараттар алып, ұлттық дәстүрмен тереңірек танысты. Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқырмандар тарапынан оң бағасын алды.







