«Ана әлдиі» кітабы

  №1 кітапханада «100 кітап» Ұлттық жобасы аясында Қазақстанның Құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» кітабы бойынша поэзия сағаты болып өтті. 
  Мақсаты – оқырмандарды Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармаларын насихаттау. Поэзияны түсініп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби талғамдарын қалыптастыру.  
  Шара барысында қоғамды кітап оқуға үндеу, әдеби мұраны дәріптеу, кейінгі буынның кітапқа деген талғамын зерделеп, ұлттық әдеби ортаны қалыптастыру мақсатында елімізде жүзеге асқан «100 кітап» Ұлттық жобасы жайлы ақпарат беріліп, осы жүздікке енген ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығы және нәзік сыршыл сезімдерге, ой-орамдарға толы әйел, ана, қыз бала тағдыры жайлы ең аяулы өлең-жырлары топтастырылған «Ана әлдиі» кітабының мазмұны таныстырылды. Жас оқырмандар ақынның «Ана әлдиі» кітабынан бесік жырының сазы іспетті, ананың балаға деген шексіз мейірімін, махаббатын жырлаған бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып, басқа да жыр жинақтарымен танысты.
19 наурыз 2026 ж. 67

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам