«Наурыз кітап беттерінде»
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №2 балалар кітапханасы «Наурыз кітап беттерінде» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрме сөрелерінен орын алған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Күйеу келтір, қыз ұзат», «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы» секілді құнды туындылар – халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұрасының айнасы. Наурыз мерекесі – тек табиғаттың ғана емес, руханияттың да жаңаратын кезеңі. Осы орайда кітап көрмесі өткен мен бүгінді сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды тереңірек тануға мүмкіндік береді.







