«Наурыз-салт дәстүр айнасы»
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №3 кітапханада «Наурыз-салт дәстүр айнасы» атты - ұлттық мәдени мұраны заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған тәрбиелек этно-сабақ өткізілді.
Мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстырумен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы оларды жаңа форматта жеткізу.
Іс-шара барысында жасанды интеллект көмегімен Наурыз мерекесінің тарихы, маңызы, ерекшеліктері туралы ақпараттар ұсынылды.







