Ортақ кітап, ортақ ой
№3 кітапханада Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділов шығармалары бойынша «Ортақ кітап, ортақ ой» атты әдеби дайджест ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларымен таныстыру, оның туындылары арқылы ұлттық тарих пен тағдыр мәселелерін терең түсіндіру және оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында оқырмандар арасында жазушы шығармаларында көтерілген негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда: кейіпкерлер тағдырының бүгінгі күнмен үндестігі, ұлттық құндылықтардың көрінісі, сондай-ақ «Қай шығарма сізге ерекше әсер етті? Неліктен?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасу өтті.







