Өлеңім – өмірімнің айнасы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен «100 кітап» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Марфуға Айтхожинаның туғанына 90 жыл толуына орай «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты поэзия кеші өтті.
Шараның мақсаты – ақын Марфуға Айтхожинаның шығармашылығын насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін дамыту және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Кеш барысында студенттер ақынның жүрекке жақын, сырлы да сезімге толы «Ұйықта енді алаңсыз», «Жан аға», «Атамекен», «Қасымға», «Жапырақтар» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, ақын өмірінен деректер ұсынылып, шығармаларының тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.
Іс-шара әсерлі әрі мазмұнды өтіп, студенттер ақын шығармашылығынан рухани тағылым алды.







