» » Заңға бағыну – міндет, қорғау – парыз

Заңға бағыну – міндет, қорғау – парыз

  №1 кітапханада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Заңға бағыну – міндет, қорғау – парыз» атты әңгіме-сұхбат өткізілді.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, тұлғалық дамуына ықпал ететін ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, сондай-ақ «заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» қағидасын ұғындыру.
  Шараға ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Өміртай Ғалымжан Нұрболатұлы және Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында полиция аға лейтенанты Ғалымжан Нұрболатұлы жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жауапкершілікке қатысты заңнамаларын түсіндірді. Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілерде дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениеті, кибербуллингтің алдын алу және радикалды мазмұндағы сайттардан сақтану жолдары нақты мысалдар арқылы баяндалды.
  Маман қылмыстық әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдары туралы айтып, жасөспірімдерді өзара сыйластыққа, даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешуге, достық пен бауырмалдыққа негізделген мінез-құлық қалыптастыруға шақырды. Өз сөзін батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген нақыл сөзімен түйіндеді.
  Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Әңгіме-сұхбат өскелең ұрпақтың заң мен тәртіпке бағынуын қалыптастырып, жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, саналы өмір сүру дағдыларын меңгеруге ықпал етті.
30 наурыз 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам