«Періште махаббат» повесі
А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхана «Сейхун» колледжі студенттерінің қатысуымен журналист, жазушы Мұхтар Анарбектің «Періште махаббат» повесі бойынша әдеби талдау өткізді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығарманы терең түсініп, талдай білу қабілетін дамыту, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Талдау барысында студенттер повестің негізгі тақырыбы мен идеясын талқылап, Қайрат, Мартбек, Мұқан, Райхан сынды кейіпкерлердің бейнесіне жан-жақты сипаттама берді.
Сонымен қатар, шығармадағы махаббат, адамгершілік, адалдық, достық секілді құндылықтар кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, туындыдан алған әсерлерімен бөлісті.
Шара соңында колледждің кітапхана меңгерушісі Рабаева Лиза Айнадинқызы сөз сөйлеп, кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, жастарды әдебиет оқуға шақырды.







