«Жүз жасаған бәйтерек»

№19 кітапханада Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби оқу ұйымдастырылды.
  Шараның мақсаты – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың рухын ұлықтап, оның мұрасын жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтау.
 Шараға Сырдария аудандық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының аппарат басшысы Динара  Дүйсенқызы және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
 Шара барысында Қазанғап атындағы музыкалық колледждің 1-курс студенттері Салмахан Думан мен Қайруллаев Саламат күй орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасын ұлықтайтын, ұлттық поэзияның құдіретін танытатын өлеңдерін жатқа оқыды.
  Жамбылдың отаншылдық рухқа толы жырлары мен дастандары бүгінгі ұрпақ үшін де өз маңызын жойған жоқ. Жамбыл мұрасы – мәңгілік.
  Шараға «Ауыл» партиясы демеушілік көрсетіп, қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
31 наурыз 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам