«Бір ел – бір кітап»

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» тарихи романын жаппай халыққа оқытудың ашылу рәсімін  "Болашақ" университетінің атриум залында өткізді.  
  Шараның мақсаты – оқырмандар арасында ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи шығармаларға қызығушылықты арттыру және жастарды кітап оқуға баулу.
  Шараны қалалық «Жастар» театрының әртістері жазушының «Тағдыр» тарихи романынан сахналық қойылым ұсынып, Әсет Найманбайұлының шығарманың бас кейіпкері Демежанға арналған арнауымен бастады. Сонымен қатар, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенттері Н. Икрам мен А. Темірбай тағылымдық мәні зор шығармаларды көркем нақышта орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Кеш барысында сөз алған педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Бақытжан Ахметбек, журналист, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық «Әлімсақ» журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы, сондай-ақ философия докторы (PhD), Қорқыт ата атындағы университеттің археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Бағлан Қошқарұлы Шораев жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды ойларын ортаға салды.
  Қабдеш Жұмаділовтің ұлттық тарих алдындағы миссиясын абыроймен атқарған, қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек әкелген бірегей тұлға екенін атап өтіп, жазушы мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы екенін жеткізді. Сонымен қатар, бұл әдеби кеш жас ұрпақтың рухани әлемін байытқан тағылымды кездесу ретінде есте қалатынын айтты.
  Ашылу барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Тағдыр» романының тарихи маңызы мен мазмұнына шолу жасалды.
  Кездесу аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби кеш барысында үзінділер оқылып, шығарманың тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.
  Аталған шара оқырмандардың рухани дамуына үлес қосып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал ет
 
31 наурыз 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам