» » Бала және кітап – достықтың мәңгі көпірі

Бала және кітап – достықтың мәңгі көпірі

  №6 кітапханада 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні аясында кітапханамыздың есігі бүлдіршіндер үшін айқара ашылды.
  «Бала және кітап – достықтың мәңгі көпірі» атты ашық есік күніне «Алтын кілт» балабақшасының мектеп алды «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілері қонаққа келді. Кішкентай оқырмандар үшін бұл күн нағыз ертегілер әлеміне саяхатқа айналды.
  Шараның мақсаты – әр баланың жүрегіне кітапқа деген сүйіспеншілік ұялату.
  Шара барысында бүлдіршіндер алғашқы ертегі кітаптарымен танысып, кітапхананың тылсым әлемін тамашалады. Қызықты ертегілерді ұйып тыңдап, қиялдарына қанат бітірді. Мереке соңында әр балаға ерекше сыйлықтар табысталып, жүздері шаттыққа бөленді.
Кітап – баланың алғашқы досы, білімнің қайнар көзі.
01 сәуір 2026 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам