Әлемді кітаппен таны

  №4 кітапханада 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітаппен таны» атты ашық есік күні өтті. 
  Шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және кітапхана қызметімен таныстыру болды.
  Іс-шара барысында кітапханаға келген оқушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, кітап қоры, жаңа түскен әдебиеттер мен балаларға арналған көрмелер таныстырылды. Сонымен қатар, ертегілер әлеміне саяхат қызықты викториналық сұрақтар мен әдеби ойындар өткізілді. Белсенді қатысқан балаларға шағын сыйлықтар табысталды.
  Кітап көрмесінде қазақ және әлем балалар әдебиетінің үздік туындылары ұсынылып, оқырмандарға кітап оқу мәдениеті туралы мағлұмат берілді. Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, кітап оқуға деген ынталары артты.
  Бұл шара жас ұрпақты кітаппен достасуға және рухани дамуына ықпал ететін маңызды мәдени іс-шаралардың бірі болды.
01 сәуір 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам