«Халықаралық балалар кітабы»

  Қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2 сәуір – «Халықаралық балалар кітабы» күні және қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ертегімен есейем» жобасы аясында «Білімнің жаққан шырағын» атты оқушылар арасындағы қалалық  көркемсөз және сахналық қойылым байқау ұйымдастырды.
  Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
  Сайысты Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы ашып берді. 
  Бұл байқауға қала аумағынан 5 мектептің 5-ші сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Екі кезеңнен тұрған байқауға оқушылар сақадай сай, жоғары дайындықпен келген. Олар «Ғибратты әңгімелер» атты І кезең бойынша Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен сахналық көрініс көрсетті. ІІ-кезеңде Ы.Алтынсариннің жырларын жатқа мәнерлеп оқыды.
  Аталған «Қоғам ТВ» телеарнасының шеф редакторы Құлтанова Баян Рахатқызы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың әдіскері Жубаниязова  Венера  Аймырзақызы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК-ның көркемдік жетекшісі Ұлықбек Бекұзақұлы төрелік етіп, шын жүйріктерді анықтады. Байқау барысында әділ-қазылар оқушылардың мәнерлеп оқуына, сөйлеу мәнеріне, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың мазмұнына ерекше мән берді.
  Екі кезеңнің нәтижесі бойынша бас жүлдені – Нағи Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіп алды. Ал, І дәрежелі дипломды – Серәлі Лапин атындағы № 261 орта мектебі, ІІ дәрежелі дипломды – Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі иеленді. ІІІ дәрежелі диплом – Байұзақ Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі мен Байзақ Момынбаев атындағы №278 ІТ мектебіне бұйырды. 
  Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясымен Ерболат Жанайым, «Жас талант» номинациясымен Құрманғазы Балнұр, «Ең белсенді қатысушы» номинациясымен Іскендір Мағжан марапатталды. Ұйымдастырушылардың еңбегі айқын көрініп, шара мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сай, тартымды әрі тәрбиелік мәнге толы болды. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақты кітап оқуға баулуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Жалпы, іс-шара өте сәтті өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
02 сәуір 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам